Австралиялық жазушы Ян Хенжун өлім жазасына кесілді

Қытайда тыңшылық жасады деп айыпталған австралиялық жазушы Ян Хенжун өлім жазасына кесілді.

2097779
Австралиялық жазушы Ян Хенжун өлім жазасына кесілді

2019 жылы Қытайда тыңшылық жасады деген айыппен қамауға алынған жазушы Янның ісіне шешім жасалды. Австралия үкіметі Қытайда дүниеге келген  австралиялық азаматты босату туралы өтініш бергенуіне қаармастан, сот Янды өлім жазасына кесті.

Австралияның сыртқы істер министрі Пенни Вонг «X» әлеуметтік медиа платформасындағы мәлімдемесінде сот шешімін «қорқынышты» деп сипаттады. Үкіметтің шешімге қатаң жауап беретінін айтқан Вонг «Австралиялықтар Янның отбасымен қайта қауышуын қалайды» деді.

Янға берілген өлім жазасын жақсы мінез-құлық үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру мүмкіндігі бар.



Ұқсас жаңалықтар