"Таяу Шығыстағы шабуылдарымыз жалғасады"

Салливан АҚШ Таяу Шығыстағы Иран қолдайтын топтарға көбірек шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

2097493
"Таяу Шығыстағы шабуылдарымыз жалғасады"

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан Таяу Шығыстағы Иран қолдайтын топтарға көбірек шабуыл жасауды жоспарлап жатқандарын айтты.

АҚШ пен Ұлыбританияның кеше түнде Йемендегі хоуситтерге қарсы жасаған әуе шабуылынан кейін АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Джейк Салливан мәлімдеме жасады. Салливан АҚШ Таяу Шығыстағы Иран қолдайтын топтарға көбірек шабуыл жасауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.

«Біз күштерімізге шабуыл жасалғанда, азаматтарымыз өлтірілгенде, Америка Құрама Штаттарының жауап беретіні туралы нақты хабарлама болсын деп қосымша соққы мен әрекеттерді жүргізуге ниеттіміз», - деді ол.

Өткен түнгі шабуылдың АҚШ-тың жауабының соңы емес, басы екенін айтқан Салливан «Басқа қадамдар да болады, кейбірі көрінетін, кейбірі көрінбейтін қадамдар басылады» деді.

АҚШ Қорғаныс министрлігі жасаған мәлімдемеде өткен түнде Сирия мен Иракта Иран Төңкеріс Сақшылар армиясының Құдс күштері мен оған қарасты қарулы жасақ топтарына тиесілі кемінде 85 нысанаға, Йеменде 36 нысанға әуеден соққы берілгені атап көрсетілген еді.  



Ұқсас жаңалықтар