Пәкістанда полиция орталығына шабуыл жасалды

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша шабуылда 10 полиция қызметкері қаза тауып, алтауы жараланды.

2097775
Пәкістанда полиция орталығына шабуыл жасалды

Пәкістанның Хайбер-Пахтунхва уәлаятында полиция бөлімшесіне содырлар жасаған шабуылда 10 полиция қызметкері қаза тауып, алтауы жараланды.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша содырлар түнде Хайбер-Пахтунхва уәлаятының Дера Исмаил Хан аймағындағы полиция бөлімшесіне гранаталар және ауыр қарулармен шабуыл жасады.

Шабуылда 10 полиция қызметкері қаза тауып, 6 полиция қызметкері жарақат алды.

Түннің қараңғылығын пайдаланып қашып кеткен содырларды іздестіру үшін операция басталды.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Пәкістанның әсіресе Хайбер-Пахтунхва мен Белуджистан уәлаяттарында содырлардың шабуылдары артып келеді.

Исламабад әкімшілігі оған қарсы күресіп жатқан Пәкістан Талибанының (ТТП) Ауғанстанда орналасқанын және Талибан әкімшілігінің бұл ұйымға қарсы шара қолданбағанын алға тартады.

Ауғанстан болса Пәкістанның мәлімдемелерін жоққа шығарып, олардың бұл елдегі қауіпсіздік мәселелерімен байланыстары жоқ екенін алға тартуда.



Ұқсас жаңалықтар