Хоуситтер: "АҚШ пен Ұлыбритания тағы шабуылдады"
Хоуситтер Сада және Худейда қалаларына 15 әуе шабуылы жасағанын хабарлады.
Йеменде Иран қолдау берген хоуситтер АҚШ мен Ұлыбританияның елдің Сада және Худейда қалаларына 15 әуе шабуылы жасағанын хабарлады.
Хоуситтердің «Әл-Месире» телеарнасының хабарына қарағанда АҚШ пен Ұлыбританияның әскери ұшақтары Йеменнің солтүстігіндегі Сада және батысындағы Худейда қалаларын нысанаға алған.
Хабарда әскери ұшақтардың Худейдаға 11, Сада қаласына 4 шабуыл жасағаны аталып, қаза болғандар туралы мәлімет берілмеді.
Иран қолдау берген Йемендегі хоуситтер 31 қазан күні Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарына наразылық ретінде Йемен жағалауында Израиль компанияларымен байланысы бар коммерциялық кемелерді басып алып, кейбіріне пилотсыз әуе көліктері және зымырандарымен шабуылдай бастады.
АҚШ күштері Йеменнен атылған зымырандар мен камикадзе пилотсыз әуе көліктерін бірнеше рет атып түсіргенін жариялады.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский мемлекеттік күзет басшысын қызметінен босатты
Бұл шешім 7 мамырда Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі ұсталған соң қабылданған.