Чилидегі орман өртінен  көз жұмған адам саны көбеюде

Чилидің орталық және оңтүстік өңірін шарпыған орман өртінде қаза тапқандар саны 112-ге жетті.

2097743
Чилидегі орман өртінен  көз жұмған адам саны көбеюде

«BBC» телеарнасының хабарлауынша, Чили лауазым иелері Вальпараисо қаласындағы өртте қаза тапқандарға қатысты мәлімдеме жасады.

Лауазым иелері  өрттерде кем дегенде 112 адамның қаза тапқанын және 3000-6000 үйге зақым келгенін атап өтті.

Президент Габриэль Борич шарттарды ескере отырып, өртте қаза тапқандар санының арта түсетінін айтып, дүйсенбі мен сейсенбі күндері қаза болғандар үшін «Ұлттық аза тұту күні» деп  жарияланғанын айтты.

Ішкі істер министрі Каролина Тоха халыққа үндеуінде қаза тапқандар саны артуы мүмкін екенін айтты.

Тоха жалынмен күресу үшін 1400 өрт сөндіруші, сондай-ақ төтенше жағдайлар қызметі мен әскери қызметкерлер бөлінгенін және өрттің шығу себебінің зерттеліп жатқанын айтты.



Ұқсас жаңалықтар