Чилидегі орман өртінде 64 адам көз жұмды

Чилидің орталық және оңтүстік өңірін шарпыған орман өртінде қаза тапқандар саны 64-ке жетті.

2097439
Чилидегі орман өртінде 64 адам көз жұмды

Чили лауазым иелері өрттен ең көп зардап шеккен кейбір аймақтардағы төтенше жағдайдың ауқымы кеңейтілгені туралы ақпаратпен бөлісті және қайтыс болғандар санының  64-ке жеткенін жариялады.

Президент Габриэль Борич шарттарды ескере отырып, өртте қаза тапқандар санының арта түсетінін айтып, дүйсенбі мен сейсенбі күндері қаза болғандар үшін «Ұлттық аза тұту күні» деп  жарияланғанын айтты.

Ішкі істер министрі Каролина Тоха өрт сөндірушілер 40-қа жуық өртті бақылауға алып, 29 орман өртімен күресуді жалғастырғанын баяндады.



Ұқсас жаңалықтар