Арменияда жарылыс болды

Еревандағы жарылыстың салдарынан екі адам жарақат алды.

2097828
Арменияда жарылыс болды

Армения бас қаласы Еревандағы Нор Ареш көшесінде болған жарылыс салдарынан екі адам жарақат алды.

Арменияның «Арменпрессин» ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша Еревандағы Нор Ареш көшесіндегі ғимаратта жергілікті уақыт бойынша сағат 11.43-те жарылыс болды.

Жарылыс салдарынан екі ғимарат толығымен қирап, айналасындағы кейбір ғимараттар да зақымданды.

Іздеу-құтқару топтары тарапынан құлатылған ғимараттардан біреуі ауыр күйде, жарақат алған 2 адамды шығарды.

Жарылыстың себебін анықтау үшін тергеу басталды. Іздеу-құтқару жұмыстарының жалғасқаны білдірілді.



Ұқсас жаңалықтар