АҚШ-тың Сириядағы базасына тағы шабуыл жасалды

Сирияның АҚШ-тың бақылауындағы «Өмер» мұнай кен орны базасына бірнеше рет шабуыл жасалды.

2097783
АҚШ-тың Сириядағы базасына тағы шабуыл жасалды

Иран қолдайтын топтар АҚШ-тың Сириядағы базасына пилотсыз әуе көліктерімен жаңа шабуылдар жасады.

Сирияның Евфрат өзенінің батыс жағалауындағы Дейр-эз-Зор қаласында Иран қолдау берген топтар АҚШ сарбаздары орналасқан «Өмер» мұнай кен орны базасына бірнеше рет шабуыл жасады.

АҚШ әлі шабуылға қатысты мәлімдеме жасамады.

АҚШ 28 қаңтар күні Сирия-Иордания шекарасындағы АҚШ әскери базасына бағыттап жасалған шабуылға жауап ретінде 3 ақпан күні Иран Төңкеріс сарбаздары армиясы «Құдс» қарулы күші және Сирия мен Иракта оған қарасты қарулы топтарға тиесілі кемінде 85 нысанаға әуеден соққы берілгені жарияланған еді.

Сирияда АҚШ күштері орналасқан базаларға жылдың басынан бері зымыран және кімге тиесілі екені белгісіз пилотсыз әуе көліктерімен көптеген шабуыл жасаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар