Хамас қозғалысының "атысты тоқтату" туралы мәлімдемесі

Хамас тұрақты атысты тоқтату қамтамасыз етілмеген соң ешбір келісімді қабылданбайтынын мәлімдеді

2097022
Хамас қозғалысының "атысты тоқтату" туралы мәлімдемесі

Хамас қозғалысы саяси бюро мүшесі Усама әл-Хамдан палестиналық тобының басынан бері талап еткен тұрақты атысты тоқтату жасалмайынша ешбір келісімді қабылдамайтынын мәлімдеді.

Орталығы Ливандағы «LBC» телеарнасына сұхбат берген Хамдан егер Газа секторындағы басқыншылық жойылып, тұрақты атысты тоқтату қамтамасыз етілмейінше қақтығысқа қысқа үзіліс жасауды көздейтін ұсыныстарды қабылдаудың мүмкін емес» екенін атап көрсетті.

Хамдан босатылуын талап еткен палестиналықтар арасында қай қозғалыс мүшесі екеніне қарамастан Израильде әрекет жасағаны немесе топтарға жетекшілік жасағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған адамдар бар екенін де білдірді.

Осы тұрғыда Палестинадағы «Фатх» қозғалысы басшыларының бірі Мерван Баргути мен Палестина азаттық майданы бас хатшысы Ахмед Саадаттың есімдерін атаған Хамдан Израильде қамалғандарды босатудың «ұлттық бір күрес» екенін мәлімдеді.

Катар премьер-министрі және сыртқы істер министрі Мұхаммед ибн-Абдуррахман әл-Тани 28 қаңтар күні Вашингтондағы сұхбатында Францияның бас қаласы Парижде АҚШ, Израиль, Мысыр және катарлық лауазымдылардың Газа секторында «атысты тоқтату және тұтқындарды алмасу» туралы келіссөздер жүргізілгенін хабарлаған болатын.

Хамас қозғалысы 30-шы қаңтар күні Париж келіссөздерінен шыққан қорытындымен байланысты ұсыныстың түскенін және қарастырылып жатқанын атап және қайтарылатын жауап үшін келіссөздер жүргізілгенін хабарлаған еді.



Ұқсас жаңалықтар