Ирак АҚШ шабуылына наразылық көрсетті

Ирак әкімшілігі АҚШ-тың елдің батысына жасаған шабуылдарының елдің егемендігін таптағанын мәлімдеді.

2096944
Ирак АҚШ шабуылына наразылық көрсетті

Ирак премьер-министрлігінің әскери мәлімдемешісі генерал Яхия Расул жазбаша мәлімдемесінде Ирактың батысында Анбар уәлаятына қарасты Каим және шекаралық аймақтың АҚШ әскери ұшақтарының шабуылына ұшырағанын атап «Бұл шабуылдар Ирак аймақтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге тырысқан бір кезеңде жасалды. Бұл Ирактың егемендігін бұзу және Ирак үкіметінің күш-жігеріне нұқсан келтіру болып табылады» деді.

Аталмыш АҚШ шабуылдарының Ирак пен аймақты жағымсыз салдарға апаратын бір қауіп екеніне назар аударған Расул мұның нәтижесінің Ирак және аймақтың қауіпсіздігі тұрғысынан ауыр болатынын атап көрсетті.

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) 28 қаңтар күні Сирия-Иордания шекарасындағы Америка базасына жасалған шабуылға жауап ретінде аймақта алғаш рет шабуыл жасағанын жариялады.

АҚШ-қа тиесілі «Мұнара-22» деп аталатын базасына жасалған шабуылда 3 американдық сарбаз қаза тауып, 40-тан астам сарбаз жараланған болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар