Газа секторында "атысты тоқтату" талпыныстары жалғасуда

Катар Израильдің жаңа тұтқын алмасу және атысты тоқтату ұсынысын мақұлдағанын білдірді.

2096444
Газа секторында "атысты тоқтату" талпыныстары жалғасуда

Израильдің Газа секторындағы қырғындарын тоқтату үшін дипломатиялық бастамалар жалғасуда.

Катар Израиль тарапының жаңа тұтқын алмасу және атысты тоқтату ұсынысын мақұлдағанын және Хамастың да оны құптағанын хабарлады.

Катар Сыртқы істер министрлігі Францияның бас қаласы Парижде Катар, Америка, Израиль және Мысырдың өкілдері арасында өткен келіссөздерге назар аударып, Израильдің «атысты тоқтату және гуманитарлық жәрдем ұсынысын» қабылдағанын, Хамастың болса мақұлдағанын білдірді. Министрлік мәлімдемесінде «Алдағы бірнеше аптаның ішінде бұл туралы жақсы жаңалықтар бөлісе аламыз деп үміттенемін» деді.

Хамастың әскери қанаты Иззеддин әл-Қассам бригадасы «Палестиналықтарға және Әл-Ақса мешітінен бастап, қасиетті құндылықтарға қарсы үздіксіз бұзушылықтарға жауап қайтару» мақсатымен Израильге 7 қазан күні ауқымды шабуыл жасады.

Израильдің сол күннен бастап Газа секторына жасаған шабуылдарында кемінде 11 мыңы бала мен 8 мыңы әйел, барлығы 27 мың 19 палестиналық өлтірілді.



Ұқсас жаңалықтар