Солтүстік Корея стратегиялық жаңа зымыранын сынақтан өткізді

«Хвасаль-2» атты ядролық қанатты зымыран 2 мың шақырымға дейін ұшу қабілетіне ие.

2095732
Солтүстік Корея стратегиялық жаңа зымыранын сынақтан өткізді

Солтүстік Корея кеше Сары теңіз бағытында стратегиялық қанатты зымыран ұшыру сынағы өткізілгенін растады.

Солтүстік Корея ақпарат агенттігінің (KCNA) хабарлауынша «Хвасаль-2» қанатты зымыранын ұшыру сынағы елдің көршілерін шекара қауіпсіздігіне кері әсер еткен жоқ.

Солтүстік Кореяның бұған дейінгі мәлімдемеcінде «Хвасаль-2» ядролық қанатты зымырандарының Жапониядағы американдық базаларды қоса есептегенде 2 мың шақырым қашықтыққа жететіні айтылған болатын.

Оңтүстік Корея Бас штаб басқармасы кеше Солтүстік Кореяның жергілікті уақытпен сағат 07:00-де Сары теңізге қарай қанатты зымыран ұшырғанын жариялады.

«KCNA» агенттігінің 19 қаңтар күнгі хабарына қарағанда Солтүстік Корея қаңтар айында жетілдіру процесіндегі «Haeil-5-23» су астынан ұшырыла алатын ядролық қару жүйесін сынақтан өткізген еді.



Ұқсас жаңалықтар