Нетаняху Хамастың тұтқын алмасу шартын қабылдамады

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху мәлімдеме жасады.

2095706
Нетаняху Хамастың тұтқын алмасу шартын қабылдамады

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Хамас ұстаған тұтқындарды босату үшін Газа секторынан әскерлерін шығаруын қамтитын келісімді қабылдамайтынын мәлімдеді.

Нетаньяху басып алынған Шерияның батысындағы заңсыз еврей қонысында орналасқан «Бней Давид» атты әскери академияда әскерлерге үн қатып Израиль мен Хамас арасында болуы ықтимал тұтқын алмасу процесі туралы пікірін айтты.

Газа секторына жасалған шабуылдардың «жеңіске жеткенше» жалғасатынын хабарлаған Нетаньяху жасалуы ықтимал тұтқын алмасу келісімі үшін әскерлерін Газа секторынан шығармайтынын және Израиль түрмелеріндегі мыңдаған палестиналық тұтқынды босатпайтындарын білдірді.

АҚШ, Мысыр және Катардың арағайындығымен қаңтардың 28-і күні Францияның бас қаласы Парижде Хамас пен Израиль арасында жаңа тұтқын алмасу және атысты тоқтату туралы жиналыс өткен болатын.

Израиль премьер-министрінің кеңсесі кездесудің «конструктивті» болғанын, бірақ тараптар арасында әлі де үлкен келіспеушіліктер бар екенін хабарлады.

Хамастың әскери қанаты Кассам бригадасы 7 қазан күні Израильге «Ақса топаны» деп аталатын ауқымды бір шабуыл бастағанын жариялады.

Израиль армиясы болса Газа секторына қарсы «Темір қылыштар» операциясын бастады.

Қақтығыстар кезінде көпшілігі бала мен әйелдер 27 мыңға жуық палестиналық қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар