Иранда 2 полиция қарулы шабуылда қаза тапты
Иранда қарулы адамдардың шабуылынан 4 полиция қызметкері жараланды.
2095476
Иранда қарулы адамдардың шабуылынан 2 полиция қызметкері қаза тауып, 4 полиция қызметкері жараланды.
Иранның ресми ақпарат агенттігі «IRNA»-ның хабарына қарағанда Парсы аймағының Нейриз ауданында қауіпсіздік күштері тоқтатқысы келген күдікті көліктегі қарулы адамдар оқ жаудырды.
Шабуыл кезінде 2 полиция қызметкері қаза тауып, 4 полиция қызметкері жараланды.
«Есірткі контрабандашы» екені атап көрсетілген шабуылшылардың қашып үлгергені хабарланды.
Ұқсас жаңалықтар
Зеленский мемлекеттік күзет басшысын қызметінен босатты
Бұл шешім 7 мамырда Мемлекеттік күзет басқармасының екі полковнигі ұсталған соң қабылданған.