Солтүстік Корея жаңа баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

Солтүстік Корея Орталық ақпарат агенттігі тақырыппен байланысты мәлімдеме жасады.

2094788
Солтүстік Корея жаңа баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді

Солтүстік Корея мемлекет басшысы Ким Чен-Ын сүңгуір қайықтан ұшыруға арналған «Пулхвасал-3-31» атты баллистикалық зымыранның сынақтық атыстарын тамашалады.

Солтүстік Корея Орталық ақпарат агенттігі тақырыппен байланысты Солтүстік Корея президенті Кимнің басшылығымен жаңа зымыранның сынақтан өткізілгенін хабарлады.

Сынақтық атыстың көрші бір елдің қауіпсіздігіне әсер етпегені және аймақтық жағдайға қатысы болмағаны баса айтылды.

Биліктегі Жұмысшылар партиясына (WPK) жақын ұлттық газет «Rodong Sinmun» екі бөлек зымыранды атқылау сәтін көрсететін фотосуреттерді жариялады.

Фотосуреттерде суды жарып көтерілген зымырандардың өткен аптада алғаш рет Солтүстік Кореяның батыс жағалауынан ұшырылған жаңа «Пулхвасал-3-31» зымырандары екеніне назар аударылды.

АҚШ Сыртқы істер министрлігінен бір мәлімдемеші Солтүстік Кореяның ядролық әрекеттеріне қатысты «Йонхап» ақпарат агенттігінің сұрақтарына жауап қайтарды.

Солтүстік Кореяның зымыран сынақтарына қоса, одан көбірек «қорқытатын» және «жауапсыз» әскери әрекеттер жасағанын атап көрсеткен мәлімдемеші «Солтүстік Кореяны одан көп қоқан-лоққылардан бас тартуға, байыпты және тұрақты дипломатия жүргізуге шақырамыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар