Хоуситтер Аден шығанағында АҚШ кемесін нысанаға алды

Хоуситтер АҚШ-тың Әскери кемесін зымырандармен нысанаға алғанын жариялады.

2094681
Хоуситтер Аден шығанағында АҚШ кемесін нысанаға алды

Йемендегі Иран қолдау көрсеткен хоуситтер Аден шығанағында АҚШ Әскери теңіз күштеріне тиесілі бір кемені зымырандармен нысанаға алғанын жариялады.

Хоуситтердің әскери мәлімдемешісі Яхья Сери «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунытынан жасаған мәлімдемесінде Йеменнің оңтүстігіндегі Аден шығанағында хоусит күштерінің жасаған шабуыл туралы ақпарат берді.

АҚШ Әскери теңіз күштеріне қарасты «Lewis B Puller» кемесі «қолайлы бір теңіз зымыранымен» нысанаға алынғандарын атап көрсеткен Сери бұл шабуылдың Палестина халқына қолдау көрсету және АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге бағытталған шабуылдарына жауап қайтару үшін жасалғанын білдірді.

Мәлімдемесінде «Кеменің міндеттері арасында елімізге бағытталған шабуылға қатысатын АҚШ күштеріне логистикалық қолдау көрсету де кіреді» деген Сери Газа секторындағы шабуылдар тоқтап, басқыншылық жойылмайынша Израильге тиесілі немесе Израиль порттарына баратын кемелерге тосқауыл қоюды жалғастыратындарын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар