Израильдіктер Газаға гуманитарлық көмектің кіруіне кедергі болып отыр

Бір топ израильдік гуманитарлық көмек тасыған көліктердің Газаға кіруіне кедергі болу мақсатымен шеру ұйымдастырып отыр.

2094423
Израильдіктер Газаға гуманитарлық көмектің кіруіне кедергі болып отыр

Израильдіктер осымен бесінші күннен бері Газа секторына гуманитарлық көмектің кіруіне кедергі болып отыр.

Бұл туралы хабар жергілікті баспасөзде жарық көрді. Бір топ израильдік БҰҰ-ның гуманитарлық көмегін тасыған көліктердің Газаға кіруіне кедергі болу мақсатымен шекара қақпасында шеру ұйымдастырып отыр.

Израильдіктер Керем Әбу Салим шекара қақпасында бес күннен бері көмектің кіруіне кедергі болып отыр.

Шамамен 2,3 миллион палестиналық азамат өмір сүретін Газа секторы болса 7 қазан күнінен бері Израиль шабуылының астында. Шабуыл астындағы палестиналықтарға жеткізілген гуманитарлық көмектің аймаққа кіруі өте қиын. Газада тапшылық басталғанына қарамастан Израильдің кейбір азаматтары Газа көмек жіберілуіне қарсы.



Ұқсас жаңалықтар