Иордания үкіметі АҚШ сарбаздарына шабуыл туралы мәлімдеді

Иордания 3 АҚШ әскері қаза тауып, 34-і жараланған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.

2094428
Иордания үкіметі АҚШ сарбаздарына шабуыл туралы мәлімдеді

Иордания үкіметі американдық 3 сарбазы қаза тапқан шабуылдың өз аумағында емес, Сирия шекарасындағы Тенеф базасында болғанын хабарлады.

Иордания үкіметінің баспасөз хатшысы Мухенед Мубайдин «Ал-Мемлеке» телеарнасына 3 американ әскері қаза тауып, 34-і жараланған шабуылға қатысты мәлімдеме жасады.

Мубайдин америкалық күштерге шабуылдың Иордания жерінде емес, Сирия шекарасына жақын жерде жасалғанын және Тенеф базасының нысанаға алынғанын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар