«Боко Харам» жасаған шабуылда 6 медресе шәкірті қаза тапты

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Борно уәлаятының Губио аймағындағы медресе маңында мина жарылды.

2094598
«Боко Харам»  жасаған шабуылда 6 медресе шәкірті қаза тапты

Нигерияның солтүстік шығысындағы Борно уәлаятында «Боко Харам» террор ұйымы жасаған шабуылда 6 медресе шәкірті қаза тапты.

Ұлттық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Борно уәлаятының Губио аймағындағы медресе маңында мина жарылды.

Жарылыста 6 медресе шәкірті қаза тауып, көптеген адам жарақат алды.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алмаса да, «Боко Харам» лаңкестік ұйымының аймақта осындай шабуылдар жасағаны белгілі.

Ұйым соңғы уақытта сарбаздарға қарсы көптеген шабуылдар жасауда.

«Боко Харам» террор ұйымы өткен аптада Борно уәлаятындағы Магумери ауылындағы бақылау түйінінде жасаған қарулы шабуылда 5 әскер қаза тапқан еді.

Ұйым 2015 жылдан бері елдің шекаралас көршілері Камерун, Чад және Нигерде де шабуылдар жасап келеді. Ұйымның Чад көлі бассейніндегі шабуылдарында кемінде 2 мың адам қаза тапты.



Ұқсас жаңалықтар