Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 236-ке жетті

Ното түбегі жағалауында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 236-ға жетті.

2094193
Жапониядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны  236-ке жетті

Жапонияның батысындағы Исикава штаты және осы аймақтағы Ното түбегі жағалауында болған жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 236-ға жетті.

Исикава штаты әкімшілігі жасаған мәлімдемеде қаңтар айының алғашқы аптасында болған бірнеше жер сілкінісінен қаза тапқандар санының 236-ға жеткені хабарланды.

Сонымен қатар аймақ бойынша жер сілкінісінен зардап шеккен 1 мың 178 адамды емдеу жұмыстарының жалғасқаны да білдірілді.

Мәлімдемеде жер сілкінісінен 43 мың 380 ғимараттың зақымданғаны, 490 түрлі эвакуация бекетінде 14 мыңнан астам адамның болғаны, 3 мың 500-ден астам үйде электр қуатының, 43 мыңнан астам үйде болса судың үзілгені хабарланды.

Жапония Метеорологиялық агенттігіне қарағанда 1-5 қаңтар аралығында Исикава штатының Ното түбегі жағалауында магнитудасы 5-тен 7-ге дейін болатын көптеген жер сілкінісі болды.



Ұқсас жаңалықтар