Израильдің Газа секторына шабуылдары жалғасуда

Шабуылдардың 114-ші күнінде қаза тапқан палестиналық саны 26 мың 422-ге жетті.

2094286
Израильдің Газа секторына шабуылдары жалғасуда

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдардың 114-ші күнінде қаза тапқан палестиналық саны 26 мың 422-ге, жаралылар саны 65 мың 87-ге жетті.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігі Газа секторында жасаған жазбаша мәлімдемеде Израильдің соңғы 24 сағатта Газа секторына жасаған шабуылдарында 165 адамның қаза тауып, 290 адамның әртүрлі жарақат алғанын атап көрсетті.

Шабуылдар жалғасқандықтан жедел медициналық және азаматтық қорғаныс топтарының үйінділер астында қалғандар мен жолдағы жаралыларға көмектесуге бара алмағаны хабарланды.

Мәлімдемеде Израильдің 2023 жылдың 7 қазан күнінен бері жасаған шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтар санының 26 ​​мың 422-ге, жаралы санының болса 65 мың 87-ге жеткені атап көрсетілді.

Газа секторының әртүрлі аймақтарында жауған нөсер жауын салдарынан жүз мыңдаған адам паналаған шатыр мен баспана орталықтарында су тасқыны орын алды.

Толассыз жауын адамдардың көрпе және қыстық киім мен пеш сияқты жылыту жүйелеріне тапшылығы болған бір кезеңде өмір салтын одан сайын қиындатып жіберуде.

Палестина Азаматтық қорғаныс өкілі Мұхаммед Басал соңғы күндері Газа секторының әртүрлі қалаларында шатыр мен баспаналардың су астында қалғаны туралы мыңнан астам хабарлама түскенін мәлімдеді.

Жаңбыр суы сорғыларын пайдалану және құтқару көліктерін су басқан аймақтарға тасымалдау үшін қажетті мөлшерде жанармайдың болмауы азаматтық қорғаныс жасақтарының жұмысына кедергі жасауда. Басал азық-түлік тапшылығы мен қымбатшылық салдарынан нашарлап барған тұрмыстық және денсаулық жағдайынан зардап шеккенін, эпидемиялық аурулардың таралу ықтималына алаңдағандарын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар