Хоуситтер Ұлыбритания кемесіне оқ жаудырды

Хоуситтер Аден шығанағындағы британдық мұнай кемесін нысанаға алғанын жариялады.

2094128
Хоуситтер Ұлыбритания кемесіне оқ жаудырды

Йемендегі Иран қолдайтын хоуситтер Аден шығанағындағы британдық мұнай кемесін нысанаға алғанын жариялады.

Хоуситтердің әскери мәлімдемешісі Яхья Сери «X» әлеуметтік медиа платформасында жасаған мәлімдемесінде Йеменнің оңтүстігіндегі Аден шығанағында хоусит күштерінің жасаған шабуылы туралы ақпарат берді.

Ұлыбританияға тиесілі  «Marlin Luanda» мұнай кемесінің нысанаға алынғанын айтқан Сери кемеге қарсы зымырандармен атылғанын оқтан кейін кемеде өрт шыққанын баяндады.

Сери «Шабуыл езілген Палестина халқының кек алуына, Газа секторындағы бауырларымызға қолдау көрсетуіне және АҚШ  пен Ұлыбританияның елімізге қарсы шабуылдарына орай жасалды» деді.



Ұқсас жаңалықтар