Нигерияның Плато уәлаятындағы қақтығыстарда 30 адам қаза тапты

Оқиғаға байланысты тергеу барысында 17 адам ұсталды.

2093870
Нигерияның Плато уәлаятындағы қақтығыстарда 30 адам қаза тапты

Нигерияның Плато уәлаятында малшылар мен диқандар арасында 2 күнге созылған қақтығыста кемінде 30 адам қаза тапты.

Сейсенбі күні уәлаяттың  Мангу аймағында екі топ арасында қақтығыс болды.

Қақтығыстарда осы уақытқа дейін кемінде 30 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды.

Қақтығыс кезінде көптеген үйлер мен ғибадат орындары өртеніп, ондаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды.

Нигериялық Қызыл Крест Мангу аймақтық төрағасы  Нурудин Хусайни Магажи осы уақытқа дейін қақтығыстар салдарынан аймақта құрылған лагерьді шамамен 1500 адамның паналағанын мәлімдеді.

Оқиғаға байланысты тергеу барысында 17 адам ұсталды.

25 желтоқсанда Плато уәлаятының Боккос және Баркин-Лади аудандарында қарулы адамдар жасаған шабуылдарда кем дегенде 200 адам қаза тапқан еді.



Ұқсас жаңалықтар