Израиль әскерлері Дженин қаласында бір палестиналықты өлтірді

Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде өлтірілген палестиналықтардың саны 373-ке жетті.

2093397
Израиль әскерлері Дженин қаласында бір палестиналықты өлтірді

Израиль әскерлері жаулау астындағы Батыс Шерияның Дженин қаласында бір палестиналықты өлтірді.

Израиль тек Газада ғана емес, жаулау астындағы Батыс Шерияда да қатыгездігін  жалғастыруда.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде Израиль әскерлерінің Бийр әл-Баша қаласында бір үйді қоршауға алғаны хабарланды.

24 жастағы Велид Мұхаммед Хасан жаудырылған оқтың кесірінен қайтыс болды.

Куәгерлердің айтуынша, өлтірілген палестиналықтың ағасы да ұсталған.

Израиль күштерінің қоршап алған үйді де қиратқаны айтылды.

7 қазаннан бері жаулау астындағы  Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимде өлтірілген палестиналықтардың саны 373-ке жетті.



Ұқсас жаңалықтар