Сирия келіссөздері Астанада өтуде

Қазақстанның бас қаласы Астанада Сирия келіссөзінің 21-і туры басталды.

2092940
Сирия келіссөздері Астанада өтуде

Сирия дағдарысын шешу үшін Түркия, Ресей және Иранның кепілдігімен құрылған Астана форматындағы Сирия келіссөздерінің 21-і туры Қазақстанның бас қаласы Астанада басталды.

Келіссөзге Түркиядан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ахмет Йылдыз бастаған делегация қатысуда.

Келіссөздерге Ресейден президент Владимир Путиннің Сирия бойынша арнайы өкілі Александр Лаврентиев және Ираннан Сыртқы істер министрлігінің саяси мәселелер жөніндегі бас кеңесшісі Али Асгар Хаджы бастаған делегациялар қатысуда.

Дамаск әкімшілігі Сыртқы істер министрінің орынбасары Бассам Саббағ бастаған делегациялар және  оппозициядан Ахмет Тума бастаған делегациялар келіссөзде орын алуда.

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) Сирия бойынша арнайы өкілінің орынбасары Нажат Рочди қатысқан келіссөздерге бақылаушы мәртебесіне ие Иордания, Ирак және Ливан делегациялары да қатысты.

Қазақстан астанасында 21-ші рет өткізілген келіссөздер аясында түрік делегациясы Ресей және БҰҰ делегацияларымен  екіжақты кездесуін өткізді.

Екі күндік кездесулер барысында делегациялар Сирия төңірегіндегі аймақтық жағдайдың өзгеруі, Сириядағы жан-жақты шешім жолындағы күш-жігер, гуманитарлық жағдай және Сирияны қалпына келтіруді жеңілдету үшін халықаралық қауымдастықты жұмылдыру сияқты мәселелерді талқылайды.



Ұқсас жаңалықтар