Шыңжаңда 7,1 баллдық жер сілкінісі

Қытайдың батысындағы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағында 7,1 баллдық жер сілкінісі болды.

2092075
Шыңжаңда 7,1 баллдық жер сілкінісі

Қытайдың батысындағы Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағының Ақсу ауданында  қуаты 7,1 баллдық жер сілкінісі болды.

АҚШ-тың Геологиялық қызметінің хабарлауынша, орталығы Ақсу ауданы болған 7 баллдық жер сілкінісін Шыңжаң Ұйғыр Автономиялық Аймағындағы Қашғар, Хотан және Үрімжі тұрғындарымен бірге Алматы тұрғындары, Қырғызстан және Өзбекстан  жұрты да сезген.

Жер сілкінісінен зардап шеккендер туралы әзірге нақтылы мәлімет жоқ. Жер сілкінісі ошағынан 20 шақырым қашықтықтағы 20 ауылда жергілікті уақыт бойынша сағат 03:00-де (Түркия уақыты бойынша сағат 22:00) екі үй мен кейбір қоралардың қирағаны хабарланды.



Ұқсас жаңалықтар