Ираннан АҚШ-қа ескерту

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиян АҚШ-қа барды.

2092217
Ираннан АҚШ-қа ескерту

Иран Сыртқы істер министрі Хусейн Әмір Абдуллахиян Ұлыбритания мен Йемендегі хоуситтерге қарсы жаңа шабуылдар бастаған АҚШ-қа «Соғыс ауқымының кеңейетіні» тақырыбында ескерту хабарламасын жібергендерін мәлімдеді.

Иран мемлекеттік телеарнасының хабарына қарағанда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Газа секторындағы жағдайға байланысты бүгінгі отырысына қатысу үшін Нью-Йоркке барған Абдуллахиян аймақтағы оқиғалар туралы мәлімдеме жасады.

АҚШ-тың Ұлыбританиямен бірге Йемендегі хоуситтерге қарсы жасаған әуе шабуылдарына тоқталған ирандық министр «АҚШ пен Ұлыбританияға олардың аймақтағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қауіп төндіретін шабуылдардың соғыстың ауқымын кеңейтетіні туралы хабарлама мен маңызды ескерту жібердік» деді.

Йеменде Иран қолдау берген хоуситтер Аден шығанағында Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) тиесілі бір жүк кемесін зымырандармен атқылағаны, АҚШ пен Ұлыбритания күштерінің болса бас қала Санаға әуе шабуылы жасағанын хабарлаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар