Ливандағы мемлекеттік мекемелер кибер шабуылға ұшырады

Ливан Парламенті мен Әлеуметтік істер министрлігі мәлімдеме жасады.

2091836
Ливандағы мемлекеттік мекемелер кибер шабуылға ұшырады

Ливанда мемлекеттік мекемелерге кибер шабуыл қаупі төніп тұр.

Ливан ресми ақпарат агенттігі «NNA» Ливан Парламенті мен Әлеуметтік істер министрлігінің тақырыппен байланысты жазбаша мәлімдеме жасағанын хабарлады.

Мәлімдемеде «Министрліктің интернет парақшасы кибер шабуылға ұшырады. Парақшаны бақылауға алу әрекеті жасалынса да, мәселені шешу жұмыстары жалғасуда» делінген.

Ливан парламентінің ресми интернет парақшасына да дәл осылай шабуыл жасалып, парақшаны қорғау үшін барлық операциялардың тоқтатылғаны атап көрсетілді.

Бейрут Рефик Харири халықаралық әуежайының бүкіл жүйесіне бағыттап 7 қаңтар күні ұқсас бір шабуыл жасалып, жүйені қалпына келтіру жұмыстары бірнеше күн бойы жүргізілген болатын.

Ливан үкіметі шабуылды кім жасағаны туралы ешқандай ақпарат бөліспеді.



Ұқсас жаңалықтар