АҚШ-тың Ирактағы базасына шабуыл жасалды

АҚШ-тың Ирактағы Айн әл-Асад әуе базасына жасалған зымыран шабуылында жаралылар бар екені хабарланды.

2091396
АҚШ-тың Ирактағы базасына шабуыл жасалды

АҚШ-тың Ирактағы Айн әл-Асад әуе базасына жасалған зымыран шабуылында жаралылар бар екені хабарланды.

АҚШ Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) жасаған мәлімдемеде «20 қаңтар күні Бағдат уақыты бойынша сағат 18.30 шамасында Иран қолдайтын содырлар Ирактың батысындағы Айн әл-Асад әуе базасын нысанаға алып, көптеген баллистикалық зымыран ұшырды. Зымырандардың көпшілігі базаның әуе қорғаныс жүйелері тарапынан жойылса да, кейбір зымырандар базаға құлады» деді.

Мәлімдемеде базадағы залалды анықтау жұмыстарының жалғасып жатқаны аталып «АҚШ-тың көптегені қызметкері шабуыл нәтижесінде бас миының жарақатына байланысты тексерілуде» делінді.



Ұқсас жаңалықтар