НАТО-ның ең ауқымды жаттығуы басталады

Генерал Каволи жаттығуға 31 елден және кандидат ел Швециядан шамамен 90 мың әскердің қатысатынын айтты.

2090632
НАТО-ның ең ауқымды жаттығуы басталады

НАТО-ның қырғиқабақ соғыс дәуірінен кейінгі ең ауқымды әскери жаттығуы «Мызғымас қорғаушы 2024» келесі апта басталады.

НАТО Еуропа  одақтас жоғары қолбасшысы  (SACEUR) Генерал Кристофер Каволи Брюссельде өткен НАТО Бас штаб басшылары жиналысынан кейін баспасөзге мәлімет берді.  Генерал Каволи жаттығуға НАТО-ға мүше 31 елден және кандидат ел Швециядан шамамен 90 мың әскердің қатысатынын айтты. Жаттығу мамыр айының аяғына дейін жалғасады.

 «Маневрлер барысында одақ Солтүстік Америкадан күштерді Атлант мұхитынан өткізу арқылы Еуроатлантикалық аймақты нығайту қабілетін көрсетпек» деді ол.

Жаттығу барысында әскерлер  Ресей басып кірген жағдайда қарсы тұратын сценарий бойынша жаттығады.



Ұқсас жаңалықтар