Палестиналықтар шоғырланған аудандарда гепатит А вирус таралуда

Газада палестиналықтар шоғырланған аудандарда гепатит А вирусының таралып жатқаны хабарланды.

2090349
Палестиналықтар шоғырланған аудандарда гепатит А вирус таралуда

Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі гепатит А вирусының Израильдің шабуылдары салдарынан қоныс аударған аймақтардағы палестиналықтардың  көптігіне  байланысты тарағанын хабарлады.

Вирустың таралуына адамдардың көптігі, сондай-ақ болымсыз гигиеналық жағдайлар себеп болды.

Министрліктің  екінші мәлімдемесінде қажетті материалдарды алу мүмкін болмағандықтан, CBC (толық қан анализі) сынақтарын кез келген уақытта тоқтатуға болатыны ескертілді.

Израильдің 7 қазаннан бері жалғасып келе жатқан шабуылдары салдарынан Газа секторында босқын болған палестиналықтар қиын жағдайда өмір сүруге тырысуда.

Лауазым иелері індеттің таралу қаупі туралы ескертеді.



Ұқсас жаңалықтар