Пәкістанның Иранға шабуылында 7 адам қаза тапты

Пәкістан «террористер жасырынған жерлерге» бағыттап арнайы әскери шабуыл жасалғанын білдірген болатын.

2090305
Пәкістанның Иранға шабуылында 7 адам қаза тапты

Иран Пәкістан тарапынан шекара аймақтарына зымыран шабуылы жасалғанын,  шабуылда 7 адамның қаза тапқанын хабарлады.  Қаза тапқандардың үшеуі – әйел,  төртеуі – бала.

Иран мемлекеттік телеарнасына мәлімет берген  Систан-Белиджистан уәлаятының әкімінің орынбасары Али Рыза Мерхамети Пәкістанның таңда шекара аймақтарына зымыранмен шабуылдағанын хабарлады. Иран лауазым иесі «Осы шабуылда Ирандық емес үш әйел мен төрт бала қаза тапты» деді.

Уәлаятқа қарасты Сераван қаласында да жарылыс болғанын білдірген Мерхамети бұл оқиғада адам шығыны болмағанын айтты.

Пәкістан Сыртқы істер министрлігі Иранның Систан-Белуджистан уәлаятында «террористер жасырынған жерлерге» бағыттап арнайы әскери шабуыл жасалғанын білдірген болатын.



Ұқсас жаңалықтар