АҚШ-та суық ауа райы кесірінен 21 адам қаза тапты

Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) кейбір штаттарында қыстың қақаған аязы салдарынан  6 күнде 21 адам қаза тапты.

2090105
АҚШ-та суық ауа райы кесірінен 21 адам қаза тапты

12 қаңтардан бері қар мен суық ауа райының кесірінен Теннесси, Нью-Йорк, Арканзас, Канзас, Орегон және Миссисипи штаттарында қаза болғандар санының 21-ге жеткені хабарланды.

Денсаулық сақтау басқармасы мен жергілікті билік Теннесси штатында барлығы 7 адамның қайтыс болғанын білдірсе, басқа 5 штатта 14 адамның қайтыс болғаны жарияланды.

Метеорологиялық қызметтердің хабарлауынша, Нью-Йорктің Канадамен шекарасындағы Буффало қаласының айналасына 75 сантиметрден астам қар жауғаны және  қар аралас желдің жылдамдығы кей жерлерде сағатына 65 шақырымға дейін жетеді.

Ұшу қозғалысын бақылайтын «FlightAware» сайтының мәліметінше, бүгін АҚШ-та 1090 рейс тоқтатылып, 4 мың 221 рейс кейінге қалдырылған.

«Poweroutages веб-сайты» да  бүгінде елдің үш штатында қысқы жағдайға байланысты 95 мыңға жуық адамның жарықсыз қалғанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар