АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге шабуылы жалғасуда

Йемендегі хоуситтер Аден шығанағындағы АҚШ-тың «Джинко Пикарди» кемесіне тікелей соққы жасағандарын жариялады.

2090088
АҚШ пен Ұлыбританияның Йеменге шабуылы жалғасуда

АҚШ  пен Ұлыбритания әуе күштері Йеменнің 5 қаласына әуеден соққы берді.

АҚШ пен Ұлыбританияның соғыс ұшақтары Сада, Зиммар, Худейда, Таиз және Бейда қалаларын нысанаға алды.

Шабуылдар туралы толық ақпарат бөлісілген жоқ.

Йемендегі хоуситтер Аден шығанағындағы АҚШ-тың «Джинко Пикарди» кемесіне тікелей соққы жасағандарын жариялады.

Хоуситтерге қарасты  Йемен Қарулы Күштерінің осы тақырыпқа қатысты мәлімдемесінде «Йеменнің заңды қорғаныс құқығы аясында езілген Палестина халқына қолдау көрсетуді жалғастыра отырып, Араб теңізі мен Қызыл теңіздегі барлық қауіп көздерін нысанаға алудан тартынбаймыз» делінген.

Мәлімдемеде «АҚШ пен Ұлыбританияның шабуылдарына сөзсіз тойтарыс беріледі» делінді.



Ұқсас жаңалықтар