НАТО Бас штаб төрағалары жиналды

Жиынға Түркия атынан Бас штаб төрағасы генерал Метин Гүрак қатысуда.

2090016
НАТО Бас штаб төрағалары жиналды

НАТО Бас штаб төрағалары  Бельгияның астанасы Брюссельдегі штаб-пәтерінде бас қосты.

Екі күнге созылатын жиынға Түркия атынан Бас штаб төрағасы генерал Метин Гүрак қатысуда.

Бас штаб төрағалары жиналысында НАТО-ның қорғаныс қабілетін арттыру және қорғанысқа қатысты жоспарларын талқылап жатыр.

2022 жылдың 24 ақпанынан бері жалғасып келе жатқан Ресей-Украина соғысындағы соңғы жағдай және НАТО-ның Украинаға қолдауы да бағаланды.

Ақпан айында өтетін қорғаныс министрлерінің кеңесі алдында биылғы жылы өтетін әскери оқу-жаттығулар да штаб басшыларының күн тәртібінде.

Жиынның ертеңгі отырысында НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг штаб төрағаларымен  кездеседі.



Ұқсас жаңалықтар