Израильдің тағы екі әскері қаза тапты

Бұл туралы Израиль армиясы хабарлады.

2089797
Израильдің тағы екі әскері қаза тапты

Израиль армиясы Газа секторының солтүстігіндегі қақтығыстарда тағы екі әскерінің өлтірілгенін білдірді.

Армия хабарлама жариялап, 14-ші бригадада міндет атқаратын екі әскердің Газаның солтүстігіндегі қақтығыстарда қаза тапқанын білдірді.

Израиль армиясының интернет парақшасында орын алған деректерге қарағанда, 7 қазан күнінен бері Израильдің 525 әскері қаза тапты.

Палестина тойтарыс қозғалысы Хамас алдында ауыр әскери шығынға ұшыраған Израиль Газа секторындағы 4 дивизияның бірін кері шақыруға шешім беріп, Газаның солтүстігіндегі 36-шы дивизияның қайта оралатынын хабарлаған болатын.

7 қазан күнінен бері қаза тапқан палестиналықтардың саны да кеше 24 мың 285 деп хабарланды.


Этикеттер: #әскер , #армия , #Израиль

Ұқсас жаңалықтар