Замбияда тырысқақ

Елде індеттен көз жұмғандар саны 374-ке жетті.

2089268
Замбияда тырысқақ

Замбияда тырысқақ індетінен қайтыс болғандар саны 374-ке жетті.

Денсаулық сақтау министрі Сильвия Масебо журналистерге қазан айынан бері тырысқақ індетінен 116 аймақтың 45-і зардап шеккенін айтты.

Масебо соңғы 24 сағатта тырысқақтан 12 адамның қайтыс болғанын және 431 науқас анықталғанын хабарлады.

Осылайша елде індеттен көз жұмғандар саны 374-ке жетті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) бекіткен 1,7 миллион доза тырысқақ вакцинасының 1,4 миллион дозалық алғашқы партиясын алғандарын айтқан министр Масебо «елдің әртүрлі аймақтарына әсер еткен төтенше жағдайларға төтеп беру үшін мезгіл-мезгіл тырысқаққа қарсы вакциналарды қолданып отырғанын» білдірді.



Ұқсас жаңалықтар