Сомалиде жанкешті шабуыл жасалды

Сомалидің бас қаласы Могадишодағы жанкешті шабуылда 3 адам қаза тапты.

2089376
Сомалиде жанкешті шабуыл жасалды

Сомали Мемлекеттік телеарнасының (SNTV) хабарлауынша бас қаланың Хамарвейн ауданындағы дәмханада жанкешті кеудешесі киген адам бомбаны жарып жіберді.

Жарылыс салдарынан оқиға орнында кем дегенде 3 адам қаза тапты. Қауіпсіздік күштері аумақты қоршап алды.

Шабуылдың жауапкершілігін әзірге ешкім мойнына алған жоқ.



Ұқсас жаңалықтар