Иран лаңкестік орындарды бомбалады

Иран аймақтағы лаңкестік пен тыңшылық орындарды бомбалады.

2089141
Иран лаңкестік орындарды бомбалады

Иран аймақтағы лаңкестік пен тыңшылық орындарды баллистикалық зымырандармен атқылағанын хабарлады.

Иранның «IRNA» ресми ақпарат агенттігі  Иран төңкеріс қорғаушылары армиясының дерек көздеріне генізделген хабарына қарағанда аймақтағы Иранға қарсы лаңкестік топтардың тыңшылық орындары баллистикалық зымыранмен нысанаға алынды.

Мәлімдемеде былай делінді: «Иран дұшпандарының соңғы лаңкестік қылмыстарына тойтарыс ретінде түн ортасында Иран төңкеріс қорғаушылары армиясы тарапынан баллистикалық зымырандарымен тыңшылар мен лаңкестердің орындары нысанаға алынып, жойылды» деді.

Мәлімдемеде «Ирактың Эрбиль қаласында  Израиль Ұлттық барлау ұйымы Моссадтың орындары  да баллистикалық зымырандармен нысанаға алынғаны» делінді.



Ұқсас жаңалықтар