Болгарияда НАТО үшін инфрақұрылым

Қорғаныс министрі мәлімдеме жасады.

2089267
Болгарияда НАТО үшін инфрақұрылым

Болгария Қорғаныс министрі Тодор Тагарев қажет жағдайда НАТО-ның 5 мың әскери қызметкерін орналастыру үшін елде қажетті инфрақұрылым жұмыстарының басталатынын мәлімдеді.

Тодор Тагарев «bTV» атты жеке телеарнаға мәлімдеме жасады.

Жақында Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) жасаған сапарына тоқталған Тагарев НАТО нысандары мен оларға байланысты Болгарияда қалыптастырылатын инфрақұрылымның құнының шамамен 6 миллиард еуроны құрайтынын айтты.

Тагарев НАТО персоналының қажеттіліктері үшін дайындалатын нысандармен қатар, жол, теміржол және басқа да жұмыстардың қарастырылғанын білдірді. Қажетті қаржыландырудың АҚШ, НАТО және Еуропалық Одақтың (ЕО) түрлі қорлары тарапынан болатынын білдірген Тагарев НАТО аясында қабылданған қауіпсіздік шараларына да тоқталды.


Этикеттер: #жол , #НАТО , #Болгария

Ұқсас жаңалықтар