Көптеген елде Палестинаға қолдау шеруі өтті

Израильдің Газа секторындағы қырғындарына әлемнің түкпір-түкпірінде наразылықтар жалғасуда.

2088678
Көптеген елде Палестинаға қолдау шеруі өтті
portekiz filistin destek.jpg
pakistan karaci filistin destek.jpg
kanada filistin destek.jpg

Австрияның бас қаласы Венада Палестинаға қолдау керуені жасақталды. Көптеген көлік жүргізушілері сигнал басып, Газа секторында болып жатқан қырғындарға назар аударды.

Португалияның бас қаласы Лиссабонда жиналған жүздеген демонстрант Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдарына қарсы Палестинаға қолдау көрсетіп, атысты тоқтатуды талап етті.

Пәкістандағы Палестинаға қолдау шеруіне де он мыңдаған адам қатысты. Қолдарында Палестина туы бар шерушілер Израильдің Газа секторында жасаған қырғындарына наразылық білдіріп, шабуылдардың тез арада тоқтатылуын талап етті.

Иранның бас қаласы Тегеранда болса заңгерлер шеру ұйымдастырды. Ирандық заңгерлер Израильге қарсы «геноцид» жасады деген айыппен Халықаралық сотқа берілген істі құптағандарын мәлімдеді.

Тунисте болса жүздеген адам Палестина туын көтеріп, Израильге қарсы ұрандар тастады.

Канаданың Торонто қаласында Палестинамен ынтымақ шеруі өтті. Жүздеген демонстрант баннер және Палестина туларымен қала орталығына қарай шеруге шықты. Шеруде «Азат Палестина», «Оккупация - қылмыс», «Газа секторындағы геноцидті тоқтат» сынды ұрандар тасталды.



Ұқсас жаңалықтар