АҚШ-тың Сириядағы базаларына шабуыл жасалды

Иран қолдаған лаңкестік топтар АҚШ армиясы орналасқан базаға зымырандармен шабуылдады.

2088630
АҚШ-тың Сириядағы базаларына шабуыл жасалды

Сирияның Дейр-эз-Зор қаласында Иран қолдауындағы лаңкестік топтар АҚШ армиясы орналасқан базаға зымыран шабуылы жасады.

Жергілікті ақпарат көздеріне қарағанда Дейр-эз-Зордағы Евфрат өзенінің батыс жағалауындағы Иран қолдау берген топтар АҚШ күштері орналасқан Конико газ кешеніндегі базаға зымырандармен шабуылдады.

АҚШ күштеріне тиесілі әуе қорғаныс жүйелері екі зымыранды нысанасына жеткенше жойды. Бір зымыран болса базаның айналасына құлады.

Екінші жағынан базада орналасқан АҚШ күштері Евфрат өзенінің батыс жағалауындағы Хашшам ауданында Иран қолдаған топтардың бекіністеріне зымыранмен қарсы шабуыл жасады.

АҚШ армиясының Хасеке мен Дейр-эз-Зордағы базалары жылдың басынан бері зымыран және камикадзе пилотсыз әуе көліктерімен жиі нысанаға алынуда.

Евфрат өзенінің шығысындағы Дейр-эз-Зордың елді-мекендері АҚШ қолдау берген бөлшектеуші террор ұйымы PKK/YPG-нің басқыншылығында, қала орталығы мен басқа ауылдық аймақтардың бақылауы болса Башар Асад режимі мен Иран қолдауындағы қарулы топтарда.



Ұқсас жаңалықтар