АҚШ Израильге қолдауын тоқтатуы мүмкін

«Axios» хабар порталы Тель-Авивті қолдаған Вашингтон әкімшілігінің «шыдамы таусылғанын» алға тартты.

2088833
АҚШ Израильге қолдауын тоқтатуы мүмкін

Басқыншылығы астындағы Газа секторына қарқынды шабуылдарын 100 күннен бері жалғастырған Израильге  қолдау берген Вашингтон әкімшілігінің «шыдамының таусылғаны» алға тартылды.

Орталығы АҚШ-тағы хабар порталы «Axios» аты аталмаған америкалық бір лауазымдыға сілтеген хабарында 7 қазан күнінен бері Израильге толық қолдау көрсетіп келе жатқан АҚШ әкімшілігінің 100 күннен кейін «шыдамы тауысылғаны» білдірілді.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың Джо Байден әкімшілігінің талаптарын қабылдамауы және Газа секторындағы бейбіт тұрғын шығынының Вашингтон және Тель-Авив арасында дағдарыс тудырғаны атап көрсетілді.

Лауазымдының «Жағдай қорқынышты, тығырыққа тірелдік. Президенттің шыдамы таусыла бастады» деген сөздеріне орын берген хабарда Газа секторына жасалған шабуылдардың алғаш айларында екі күнде бір рет сөйлесетін Байден мен Нетаньяхудың 23 желтоқсаннан бастап, 20 күннен бері сөйлеспегені атап көрсетіледі.

Нетаньяхудың «Палестина әкімшілігіне салық түсімдерін төлеуден» бас тартқаны үшін Байденнің «Бұл кездесу аяқталды» деп телефонды жапқаны хабарланды.

Нетаньяхудың Газа секторында соғыстан кейінгі жоспардың не болатынын сөйлесуден бас тартқаны атап көрсетілген хабарда Байден мен Нетаньяху арасында маңызды келіспеушіліктердің бірінің де осы екені білдірілді.

Байден мен кеңесшілерінде «Израильдің Газа секторына жеткілікті гуманитарлық көмектің өтуіне рұқсат бермегені» жөнінде көзқарас қалыптасқаны және АҚШ-тық лауазымдылардың «Газа секторына шабуылдаған Израильге бейбіт тұрғындардың өлімін азайту үшін қысым жасағаны» алға тартылды.

Талаптары қабылданбаған Вашингтон әкімшілігінің Израильдің әскери операциясына қолдау беруінің қиынға соғатыны баса айтылды.

Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы баспасөз хатшысы Эшреф Кудра Израильдің Газа секторына жасаған қарқынды шабуылдарында 100 күн нен бері кемінде 10 мың 300 бала мен 7 мың 100 әйел, барлығы 23 мың 968 адамның қаза тапқанын, 60 мың 582 адамның болса жараланғанын мәлімдеді.



Ұқсас жаңалықтар