Нетаньяху шабуылдарды табанды түрде жалғастырады

Нетаньяхудың Мысыр мен Газа секторы шекара желісін бақылауға алғысы келеді.

2088414
Нетаньяху шабуылдарды табанды түрде жалғастырады

Оңтүстік Африка Республикасының Халықаралық сотқа берген «геноцид» қылмыстық ісіне қарамастан Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху Газа секторына шабуылдардың жалғасатынын білдірді.

Нетаньяху Тель-Авивтегі Қорғаныс министрлігінде өткен баспасөз мәслихатында Израильге қарсы Халықаралық сотта қозғалған іске қатысты мәлімдеме жасады.

«Газа секторындағы соғыста 100 күннің өткеніне» назар аударған Нетаньяху Палестина азаттық қозғалысы «Хамас»-ты жою және барлық тұтқындарды үйлеріне қайтару мақсатына жеткенше бұл соғысты жалғастыратынын атап көрсетті.

Мысыр мен Газа секторы арасындағы шекара желісі Филадельфия (Салахаддин) дәлізіне де тоқталған Нетаньяху бұл дәлізді бақылауға алмайынша Хамасты жоюдың мүмкін емес екенін алға тартты.

Нетаньяху «Хамас»-қа көмектесетін Палестина әкімшілігі арқылы кез-келген бір қаражатты аудармайтындарын атап көрсетті.

Оңтүстік Африка Республикасы Израильдің Газа секторына бағытталған шабуылдарының «Геноцид конвенциясын» бұзғаны үшін Халықаралық қылмыстық сотқа шағымданып, Израильге қарсы уақытша тыйым салуды талап етті.

11 қаңтар күні «геноцид» қылмысы бойынша бірінші сот отырысы басталды. Оңтүстік Африка делегациясы өз айыптау актін ұсынған, Израиль делегациясы 12 қаңтар күні алғаш қорғауын жасаған еді.



Ұқсас жаңалықтар