АҚШ  мен Ұлыбританияға тиесілі соғыс ұшақтары Йеменге шабуыл жасады

АҚШ мен Ұлыбританияға тиесілі соғыс ұшақтары Йеменнің бірнеше қаласында кейбір түйіндерге әуеден шабуыл жасады.

2087988
АҚШ  мен Ұлыбританияға тиесілі соғыс ұшақтары Йеменге шабуыл жасады

Америка Құрама Штаттары (АҚШ)  мен Ұлыбританияға тиесілі соғыс ұшақтары Йеменнің бірнеше қаласында кейбір түйіндерге әуеден шабуыл жасады.

Йемендегі жергілікті ақпарат көздерінен алынған мәліметке қарағанда Америка мен Ұлыбританияның соғыс ұшақтары түнде ел астанасы Сана, Худейда және Таиз қалаларының кейбір түйіндеріне әуеден шабуыл жасады.

АҚШ президенті Джо Байден де Қызыл теңізде шабуылдарын жалғастырған хоуситтерді нысанаға алған әуе шабуылына байланысты жазбаша мәлімдеме жасады.

Джо Байден мәлімдемесінде «Бүгін менің нұсқауым бойынша АҚШ әскери күштері Ұлыбританиямен бірге және Австралия, Бахрейн, Канада және Голландияның қолдауымен Йемендегі хоусит көтерілісшілері пайдаланған кейбір нысандарға әуеден соққы берді» деді.

Шабуылдардың хоусилердің Қызыл теңіздегі әрекеттеріне кек алу екенін түсіндірген Байден, соңғысы 9 қаңтарда жасалған және хоуситтер американдық кемелерді тікелей нысанаға алған бірнеше шабуылға халықаралық коалициямен бірге тойтарыс бергендерін атап өтті.

Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунак та жазбаша мәлімдеме жасап, халықаралық қауымдастықтың бірнеше рет ескертулеріне қарамастан хоусилердің осы аптада Қызыл теңізде ағылшын және АҚШ әскери кемелеріне шабуылдарын жалғастырғанын еске салды.

АҚШ Қорғаныс министрі Ллойд Остин шабуылдың хоуситтердің ұшқышсыз әуе аппараттарын, баллистикалық және қанатты зымырандарды, радар мен бақылау мүмкіндіктерін нысанаға алғанын баяндады.



Ұқсас жаңалықтар