Вакцина қоқысқа кетті

Ковид вакциналарының мерзімі өтіп кеткен.

2087104
Вакцина қоқысқа кетті

Уганда үкіметі несиеге сатып алған 5,6 миллион доза вакцина мерзімі өтіп кеткендіктен қоқысқа тасталды.

Парламентке берген баяндамасында Уганда Есеп сотының президенті Джон Муванга Дүниежүзілік банк несиесіне сатып алынған миллиондаған доза Ковид-19 вакцинасының мерзімі өтіп кеткенін айтты.

Муванга мерзімі өткен вакцинаның 5,6 миллион дозасының құны 7,3 миллион доллар екенін білдірді.

Мерзімі өткен вакциналарға байланысты жыл соңына дейін жалпы 78 миллион доллар шығын болатынын атап көрсеткен Муванга емдеу әдісінің өзгеруіне байланысты пайдаланылмаған СПИД дәрілерінің де жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін және олардың құнының 8,6 миллион доллар екенін білдірді.  

Африкада вакцинаға қызығушылықтың төмендігі мен тасымалдау қиындықтарына байланысты вакцинация науқаны көптеген елде сәтті болмады.



Ұқсас жаңалықтар