«Мыңдаған жаралыны қабылдауға» нұсқау берілді

Денсаулық сақтау министрлігі мыңдаған жаралыны қабылдауға дайын болу үшін ескерту жасады.

2086830
«Мыңдаған жаралыны қабылдауға» нұсқау берілді

Израильде ауруханаларда Ливанда Хизбуллахпен келіспеушілік артуына байланысты «мыңдаған жаралыны күтуге дайын болу» нұсқауы берілді.

Денсаулық сақтау министрлігі соңғы күндері елдің солтүстігінде әскери қозғалыс артқандықтан ауруханаларға мыңдаған жаралыны қабылдауға дайын болу үшін ескерту жасады.

Денсаулық сақтау министрлігі Бас директоры Мохе Бар Симан Тов да барлық ауруханадардан талап етілген жағдайда 24 сағат ішінде төтенше жағдайға өтетіндей болып дайындалуын сұрады.

Осыған орай ауруханалар қажет болғанда баспаналарға көшіріледі, жағдайы ыңғайлы науқастар ауруханадан шығарылады, көптеген жаралыны қабылдауға дайындалады. Түрлі елдерде «ерікті түрде Израильге көмектесу тілектерін білдірген» шамамен 7 мыңдай еврей дәрігер қажет болса Израильге шақырылады.

Израиль 2 қаңтар күні Бейрутта Хамастың Саяси кеңсе басшысының орынбасары Аруриді, 8 қаңтар күні де Хизбуллахтың қолбасшыларының бірі Тавилді өлтірген болатын.

 



Ұқсас жаңалықтар