Қаратеңізде  төселген  миналар жағалаудағы елдерге қауіп төндірді

Түркия, Румыния және Болгария ертең Қаратеңіздегі мина қаупіне қарсы меморандумына қол қояды.

2086940
Қаратеңізде  төселген  миналар жағалаудағы елдерге қауіп төндірді

2022 жылы 24 ақпанда басталған Украина-Ресей соғысымен Қаратеңізде  төселген  миналар жағалаудағы елдерге қауіп төндірді. Әскери-теңіз күштері қолбасшылығы сақтық шараларын қабылдады.

Қосымша шара ретінде Түркияның басшылығымен Румыния және Болгариямен үшжақты бастама көтерілді. Техникалық делегациялар арасындағы келіссөздер аяқталды.

«Қаратеңіздегі минаға қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыс тобы» меморандумына Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер, Румыния Қорғаныс министрі Анхель Тилвар және Болгария Қорғаныс министрінің орынбасары Атанас Запрьянов қол қояды.

«Үштік бастама» тек қорғаныс мақсатында болады. Келісім Қаратеңізде кеме қатынасының қауіпсіздігіне үлес қосуды көздейді.

Қол қойылған меморандум үш елдің ішкі құқықтық процедураларынан өткеннен кейін күшіне енеді.



Ұқсас жаңалықтар