Нигерияда "Ласса" безгегінен 219 адам қайтыс болды

Нигерияның Ауруларды бақылау орталығы мәлімдеме жасады.

2086317
Нигерияда "Ласса" безгегінен 219 адам қайтыс болды

Нигерияда өткен жылы жануардан адамға жұғатын және өлімге дейін баратын «Ласса» безгегінен 219 адам қайтыс болды.

Нигерия Ауруларды бақылау орталығы жасаған мәлімдемеде елдегі «Ласса» безгегі індетінің 2023 жылы бас қала Абуджаға қоса 28 уәлаятқа тарағаны білдірілді.

Мәлімдемеде өткен жылы «Ласса» қызбасынан 8 мың 978 науқастың безгек күдігімен анализ тапсырғаны 1 мың 227-сіне диагноз қойылғаны және індет салдарынан 219 адамның көз жұмғаны хабарланды.

Нигерия үкіметі ақпан айында «Ласса» безгегінің өршуіне байланысты «төтенше жағдай» жариялаған еді.



Ұқсас жаңалықтар