Еврейлер палестиналықтардың зәйтүн жемістерін ұрлап кетті

Адам құқығын қорғау ұйымы «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

2086057
Еврейлер палестиналықтардың зәйтүн жемістерін ұрлап кетті

Шерияның батысында еврей қоныстанушылар палестиналықтардың зәйтүндерін ұрлап кетті.

Басқыншылық астындағы Палестинада жұмыс істейтін израильдік «Йеш Дин» атындағы Адам құқығын қорғау ұйымы «X» әлеуметтік желісіндегі аккаунтынан мәлімдеме жасады.

Мәлімдемеде Шерияның солтүстігінде орналасқан Авартадағы Итамар еврей қонысынан екі еврей қоныстанушының аталмыш аймақта палестиналықтарға тиесілі зәйтүн жемістерін ұрлағанын атап көрсетті.

Ұйым осы тақырыпқа қатысты бейнекөрініс жариялады.

Видеода көліктерін жолдың шетіне аялдаған екі адамның ағаштардан зәйтүн теріп жатқаны ашық көрінеді.



Ұқсас жаңалықтар